ӨзА Қазақ

21.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте 2020/2021 оқу жылынан бастап жаңа институт өз жұмысын бастайды

Ташкентте 2020/2021 оқу жылынан бастап жаңа институт өз жұмысын бастайды

Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығына сай, Ташкентте Беларусь-Өзбекстан бірлескен қолданбалы техникалық біліктілік институты ашылатын болады.

Қаулыға сәйкес, атаулы институт 2020/2021 оқу жылынан Ташкентте өз жұмысын бастап, мұнда негізінен бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлайды.

Институт Өзбекстан Республикасының резиденті болып табылады және заңды тұлға мәртебесі бар мемлекеттік мекеме түріндегі жоғары оқу орны саналып, бітірушілерге Өзбекстан Республикасында жоғары білім туралы құжат ретінде танылатын Беларусь ұлттық техникалық университетінің дипломы беріледі.

Оқу ордасында білім алушыларға төлем контрактын Өзбекстан аумағында құрылтайшы тарапынан белгіленсе, Беларусь Республикасында - Беларусь ұлттық техникалық университеті белгілейтін болып, грантта оқыған түлектер Өзбекстан Республикасының білім беру мекемелері мен ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеу шартымен жұмысқа орналастырылады.

2021 жылы Науаиы қаласында Институттың басым бағыттары бойынша технологиялар және IT бағдарламалаудың жоғары білікті мамандар даярлауға арналған филиалы ашылмақ.

31 089
ӨзА