ӨзА Қазақ

17.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті құрылады

Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті құрылады

16 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев «Шығыстану саласындағы кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі жетілдіру және ғылыми әлеуетті арттыру шаралары туралы» қаулыға қол қойды.

Қаулыға сай, қазіргі Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының негізінде «Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті» құрылатын болады. Онда айтылуынша 2020/2021 оқу жылынан бастап: 
 
  • Университетте білім беру стандарттарын жасау, біліктілік талаптарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ студенттердің білімін бағалау жүйесін және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқу процесін практикамен біріктіруді қамтамасыз ететін жүйені әзірлеу және бекіту құқығы беріледі
  • Университеттегі оқу процесі кезеңімен кредиттік-модуль жүйесі негізінде жүзеге асырылады
  • Шетелдік университеттермен ынтымақтастықта ұйымдастырылған бірлескен білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары мен ғылыми жобаларын ТМШУ тәуіелсіз түрде шетелдік серіктестермен келісе бекітетін болады
2020/21 оқу жылынан бастап университетке оқуға қабылдау шығыс тілдерінде (түрік, араб, парсы, дари, үнді, урду, қытай, корей, ұйғыр, жапон) өтетін көп баллдық жүйе негізіндегі емтихандар орнына тестілеу сынақтары жолға қойылады. Ал, 2021/2022 жылдан бастап осы тәжірибе басқа (испан, итальян, тәжік, қазақ, түркімен, қырғыз және т.б.) тілдер бойынша республикадағы барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқуға қабылдауда енгізілетін болады.

Сондай-ақ ТМШУ өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне көшуіне орай 2020/2021 оқу жылынан бастап:
  • Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе негізінде профессорлар мен оқытушылардың оқу жүктемесін қайта қарайды және олардың жұмыстарын сабаққа сапалы дайындалуға және ғылыми әлеуетті нығайтуға бағыттайды
  • Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дарынды студенттер, магистранттардың және докторанттардың қатысу көлемін кеңейтеді
  • Ерекше қабілетті студент, магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу, инновациялық стартап жобаларын конкурс негізінде қаржыландыру шараларын қабылдайды
  • Факультеттер құрылымын және кафедралар бағытын қарастырады және жетекші шетелдік университеттердің тәжірибесі негізінде олардың қызметін қайта жасақтайды
  • Білім беру сапасын арттыру, алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе негізінде оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында шетелдік беделді жоғары оқу орындарының профессор – оқытушыларының қатысуымен онлайн-курстар, дәрістер мен шеберлік сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады
  • Профессор-оқытушылар мен жауапты тұлғалар үшін қажет болған жағдайда тәжірибелі жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен кредиттік-модуль жүйесіне көшу бойынша бірқатар семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады
  • Беделді шетелдік ЖОО-ның профессор-оқытушылар мен ынтымақтастықта маңызды ғылыми жарияланымдар шығарған, «ұстаз-шәкірт» қағидаты бойынша дарынды студенттер, магистрлер, докторанттармен немесе жас профессор-оқытушылар бірлесе жоғары дәрежелі халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялаған профессорлар мен оқытушыларды мадақтау жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысының қуалысына сай 2021 жылғы 1 тамызға дейін ТМШУ-ға берілген аумақта университеттің 9 қабатты жаңа ғимараты мен спорт кешенін салуып пайдалануға беру бойынша шаралар қарастырылған.

8 285
ӨзА