ӨзА Қазақ

11.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Нобель сыйлығы иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті

Нобель сыйлығы иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті

Салтанатты шараны жыл сайын өткізу дәстүрі, марапаттың негізін қалаушы Альфред Нобелдің бақиға аттанған күні 10 желтоқсанда Стокгольм және Осло қалаларында өтті

2019 жылғы Нобель сыйлығын иеленгендер:

Медицина мен физиология саласында Уильям Келин, Питер Ратклифф және Грегг Семенцалар иеленіп, олар тірі жасушалардың оттегі құрамына қарай сезімталдық пен бейімделу механизмін ашқан.

Физика саласы бойынша, физикалық ғарышнама саласындағы ашқан теориялық жаңалықтар үшін американдық физик Джеймс Пиблс және күн тәріздес жұлдызды айналатын экзопланетаны ашқаны үшін швейцариялық астрономдар Мишель Майор мен Дидье Келода осы сыйлыққа ие болған.
  
Химия саласы бойынша Нобель, американдық физик Джону Гуденаф, ағылшындық химик Стэнли Уиттингэм мен жапон химигі Акире Йошиноларға литий-ионды батареяларын жасағаны үшін берілді

Әдебиет саласы бойынша 2019 жылғы марапат австриялық жазушы Питер Хандкеге берілсе, 2018 жылғы Нобель сыйлығы поляк жазушысы Ольга Токарчукке бұйырды. Ал Бейбітшілік саласы бойынша Нобельді Эфиопия премьер-министрі Ахмед Али Осло қаласында алды. 

Экономика саласындағы Нобель сыйлығын үнді-американдық ғалым Абхижит Банерджи, француз Эстер Дюфло және американдық Майкл Кремер алды.

Стокгольмде өткен салтанатты кеште Нобель сыйлықтарын Щвеция корольі Карл ХVI Густав табыстады. Сыйлық иегерінің әр бірі 900 миллон швед кронасы(740 000 фунт стерлинг) мен марапатталады. 

zn9V6grbIVa6cUPDVYkF-kVWqeX8cysv.jpg

KQylaKlpMA1Wu24-SmtmCNqkduaKajmS.jpg

w55SDgg-K7vZgolx6kRpVOhPi8ikHDvm.jpg

V1vo5oAp98GKNG3SsGTCB4mXB0VnFgJb.jpg


27 116
ӨзА