ӨзА Қазақ

19.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мектептерде қағаз түріндегі күнделік электронды нұсқаға көшіріледі

Мектептерде қағаз түріндегі күнделік электронды нұсқаға көшіріледі

Ташкент қалсында цифрлық технологияны кең түрде енгізу мақсатында кейбір саладағы қағаз түрінде пайдаланатын заттар электронды түріне көшірілмек.

Мемлекет басшысының қаулысымен енгізілетін «Цифрлық Ташкент» бағдарламасының негізгі міндеті - қалалық қызметтерді, әлеуметтік инфрақұрылымды, өндіріс, автомобиль көлігі және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды басқарудың интеграцияланған ақпараттық ортасын құру және республиканың басқа аймақтарында сәтті тәжірибені одан әрі енгізу.

2020 жыл аясында енгізілер осы бағдарламада:

1 мамырға дейін әуе, теміржол және басқа да көлік қызметтеріне электрондық билеттерді онлайн сатып алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіледі;

1 қыркүйекке дейін барлық мектептерде қағаз түріндегі журнал мен күнделіктердің электронды жазбалардың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады;

1 қарашаға дейін «Менің үйім» бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады, ол коммуналдық қызметтерді онлайн режимінде төлеуді және коммуналдық қызметтермен электрондық байланысты қамтамасыз етеді;

1 желтоқсанға дейін «Бірыңғай электронды медициналық карта» ақпараттық жүйесі енгізіліп, 62 отбасылық емхана «Электрондық емхана» ақпараттық жүйесіне қосылады.

16 423
ӨзА