ӨзА Қазақ

22.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мектеп оқушылары үшін сабақ ТВ арналар арқылы төрт каналда көрсетіледі

Мектеп оқушылары үшін сабақ ТВ арналар арқылы төрт каналда көрсетіледі

Өзбекстанда коронавирустық індеттің анықталуына байланысты 16 наурыздан бастап мектептер уақытша жабылғандығына орай сабақтар теледидардың төрт арнасы арқылы эфирге ұзатылатын болды.

1-4 сыныптар сабағы «Ёшлар» телеарнасы, 5-8 сыныптарға сабақ «Оилавий», 9-11 сыныптарға «Маданият ва маърифат» телеарналары арқылы эфирге ұзатылса, «Дунё бўйлаб» арнасы арқылы қолданбалы пәндер бойынша барлық телевизиялық сабақтар берілетін болады.

Телевизиялық сабақтарды түсіруде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесіде ескеріліп, барлық сабақтарды бір уақытта және түсіндірмелі мамандар көмегінде синхронды түрде аударма жасалуда. Сабақтар негізінен екі тілде өзбек және орыс тілдерінде ал, Қарақалпаыстан жерінде жергілікті телеарналарда қарақалпақ тілінде өтіліп, қажеттілік туындағанда қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен тілдерінде де сабақтар дайындалады дейді, Білім министірінің орынбасары Дилшод Кенжаев.

ТВ арқылы эфирге шығар уақытпен сабақтар кестесі келер апта 26 наурыздан бастап анонсты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ, эфирдегі сабақты өткізіп алған жағдайда Білім министірлігінің ресми сайтында «kundalik.com» және «Онлайн мактаб» электронды порталы арқылы бейнетаспалы сабақтар көру мен www.kitob.uz сайты арқылы көркем әдебиеттерді оқу мүмкіндігі жасалған. 

4 594
ӨзА