ӨзА Қазақ

08.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Медициналық жоғары оқу орындарында мамандыққа қатысы жоқ пәндер 2 есеге қысқарады

Медициналық жоғары оқу орындарында мамандыққа қатысы жоқ пәндер 2 есеге қысқарады

Өзбекстанда медициналық жоғары оқу орындарында медицина саласына қатысы болмаған пәндер екі есеге қысқартылып, олардың орнына диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін үйрену пәндері енгізілетін болды.

Бұл жөнінде Президент Шавкат Мирзияев «Медицина және санитария саласындағы мамандарды даярлау және оларды үздіксіз кәсібилігін дамытудың мүлдем жаңа жүйесін әзірлеу жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сай 2020/21 оқу жылында республикадағы дәрігерлерге сұраныс жоғары болған өңірлер үшін бакалавр және магистратураға мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылдау параметрлері 50 пайызға өсетін болады.

Аймақтардың дәрігерлерге деген қажеттіліктеріне байланысты медициналық жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламасы бойынша «Емдеу ісі», «Педиатрия» және «Кәсіби білім беру (емдеу ісі)» бағытында мемлекеттік грантпен оқуға қабылдау көрсеткіштері шеңберіндегі қабылдаудың мақсатты параметрлерін аудандар (қалалар) қалыптастырады. Осы грант негізінде оқуды бітірген түлектер қабылдау параметрлерінде көрсетілген ауданда (қалада) кемінде 5 жыл жұмыс істеп беруі қажет екені көрсетілген.

Сондай-ақ республикадағы медициналық колледждер жаңа оқу жылынан бастап Әбу Әли ибн Сина атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау техникумы ретінде жұмыс бастайды және осы оқу орнын бітірген түлектер ЖОО-на емтихансыз жеке тәртіптегі сұқбат арқылы екінші курстан оқуды жалғастырмақ.

9 699
ӨзА