ӨзА Қазақ

06.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби шеберлігін дамыту жүйесі енгізіледі

Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби шеберлігін дамыту жүйесі енгізіледі

Өзбекстанда Халықтық ағарту саласы қызметкерлерін үздіксіз кәсібилік дамыту жүйесі құрылады.

Осыған байланысты Президенттің «Халықтық ағарту қызметкерлерін үздіксіз кәсібилігін дамыту жүйесі туралы» қаулысының жобасы жарияланды.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын, мұғалімдерін, әдіскерлерін, психологтарын, дефектологтарын және кітапханашыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру негізінде үздіксіз кәсіби даму жүйесін түбегейлі жақсартудың негізгі бағыттары мынадай етіп белгіленген.
  • халықтық ағарту саласы қызметкерлерінің қажеттіліктеріне негізделген үздіксіз кәсіби дамуының тиімді ұлттық жүйесін енгізу және жетілдіру;
  • алдыңғы қатарлы педагогика мен инновациялық технологияларды игеру және оларды мектептердегі оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану бойынша қоғамдық тәрбиешілердің біліктілігін дамыту;
  • қоғамдық тәрбиешілерге өзінің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық қызметінің тиімділігін үнемі арттыруға қолдау көрсету;
  • қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту, дамыған елдердің білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінде біліктіліктілігін арттыруға, докторантура мен тағылымдамадан өтуді және профессорлар мен оқытушыларының әртүрлі инновациялық, қолданбалы және іргелі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру.
  • мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының - білім беру саласындағы менеджерлер мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындаудың ұлттық стандарттар жүйесін енгізу және оларды іріктеу, жалдау және аттестаттауға және үздіксіз кәсібилігін дамытуға негізделген ашық ұйымдастырушылық-құқықтық механизмді енгізу;
  • қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың заманауи технологияларын қолдана отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы басшы лауазымдар үшін жоғары білікті кадрлар резервін қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігі, олардың құрамына дарынды жас оқытушыларды тарту мен зерттеу нәтижелерін практикада кеңінен қолдану;
  • салаға инвестициялар тарту және келісімшарттық қызметтер аясын кеңейту.

6 670
ӨзА