ӨзА Қазақ

07.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Корея өзбекстандық студенттер үшін виза алу тәртібін қатаңдатты

Корея өзбекстандық студенттер үшін виза алу тәртібін қатаңдатты

Оңтүстік Корея үкіметі елде шетелдік студенттер арасындағы заңсыз иммигранттар санының күрт өсуіне байланысты өзбекстандық жастарға берілетін D-2 және D-4 түріндегі визалар алу тәртібін қиындатты.

Өзбекстан Дүниежүзілік жастар қауымдастығының баспасөз хатшысы мәлімдеуінше ендігі кезде Оңтүстік Кореяға оқуға баратын студент жастарға мынадай талаптар да қосымша ретінде көрсетілген:

1. Банк депозиттік құжаттары:
  • Бакалавр, магистр және PhD докторы үшін 20,000 долларлық депозит банктік шотта кем дегенде 3 ай мерзімінде сақталған болуы керек.
  • D-4 визасы - тілдік курстар үшін KDB банктегі шотында 3 ай мерзімде тұруы тиіс.
  • Егер банктің анықтамасында салым мерзімі көрсетілген болса, басқа банктердің анықтамалары қабылдануы мүмкін.
2. Ата-анасының табысы туралы қосымша ақпарат:
  • Ата-ананың ресми жұмыс орнынан анықтама (ағылшын тіліне аударылған және ұйымның телефондары көрсетілген болуы керек).
  • Ата-ананың банктік карточкалық шоты бойынша кірістер немесе шығыстар туралы анықтама немесе жеке мүлікке меншік құқығы туралы анықтама.
  • Виза берілмеген жағдайда, қайта өтінім берілген күннен бастап 3 ай ішінде қабылданбайды (бұрын ол 1 ай болған).
3. Тілді білу туралы сертификат (жалған куәліктердің көбеюіне байланысты):
  • Ағылшын тіліндегі бакалавр, магистр, PhD: кем дегенде IELTS 5.5, TOEFL 530 немесе TOEFL IBT 71 сертификаты қажет. Сертификаттың жалған немесе шынайы екендігі елшілікте тексеріледі.
  • Корей тілін үйренушілер үшін: колледжге TOPIC 3, ЖОО үшін TOPIC 4 және одан жоғары.
Жоғарыда айтылған талаптар 1 мамырдан бастап күшіне енген.

6 348
ӨзА