ӨзА Қазақ

12.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Биыл ЖОО-ға түсу үшін 2 пәннен тест сынақтары алынады

Биыл ЖОО-ға түсу үшін 2 пәннен тест сынақтары алынады

30 сәуірінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өткен кеңесте коронавирустық пандемияға байланысты жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын жеңілдетілген тәртіпте өткізу тапсырылған болатын.

Соған орай Мемлекеттік тестілеу орталығы талапкерлерді артық қиындықтан босатып, тек осы жылғы 2020-2021 оқу жылында ерекшелік ретінде, міндетті пәндерсіз 2 таңдаған мамандық бойынша қабылдау тесттерін өткізу жоспарланған. Бұл 2 мамандық 2019 жылдың желтоқсан айында мақұлданып, көпшілікке жария етілген еді.

Бір айта кетерлігі, инфекция толық жойылмайтын жағдайда емтихан тапсыруға арналған 1000 орындық ғимараттарда 3-4 сағат тұруға болмайды. Сондықтан, осы оқу жылында тестілеу ғимараттарында ең көбі 700 орын дайындалады, әр талапкерге кемінде 3 шаршы метр бөлінеді және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес олар маска және қолғаппен тестке қатысуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, қауіпсіздіктің келсі кезеңінде талапкерлер дене қызуы өлшенгеннен кейін емтиханға жіберіледі. Әрбір нысан кем дегенде 4 рет дезинфекцияланады. Мұның бәрі тест тапсырушыла мен топ жетекшілерінің және осы процеске қатысқан басқа адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін жасалады. Бұлардың барлығы карантиндік шетеулер толықтай алынғаннан кейін жүзеге асырылатын болып, келесі оқу жылындағы барлық тестілеу процесі толық бұрынғыша жағдайға көшеді, делінген Мемлекеттік тестілеу орталығы хабарында.

5 704
ӨзА