ӨзА Қазақ

29.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Биыл қабылдау емтихандарында қолданылатын тест сынақтары жеңілдетіледі

Биыл қабылдау емтихандарында қолданылатын тест сынақтары жеңілдетіледі

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік тестілеу орталығы талапкерлер үшін биылғы оқуға қабылдау тест сынақтары өткен жылғы емтихандарға қарағанда біршама жеңілдетілгендігі жайлы ақпарат берді.

Онда айтылуынша 2019/2020 оқу жылында ЖОО-ға түсу үшін тестілеу барысында тарих және география пәндерінен жазусыз карталар, кестелер, суретті тест тапсырмасы қолданылған болып, осы үрдіс талапкердің тапсырманы жылдам түсінуі мен ойлау қабілетін дамыту мақсатында шет тілдері (ағылшын, неміс, француз) тест сынақтарында қолданылады. Бұл әдеттегі сұранысқа қарағанда әлдеқайда жеңіл болатынын білдіреді.

Сондай-ақ, Биология және химия пәніненде суреттерге арналған тест саны да көбейтіліп, ана тілі мен әдебиетінен тәуелсіз оқуға ұсынылған көркем санын көбейту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек химия пәні тест тапсырмаларының құрылымында теориялық сұрақтар санын көбейту және зертханалық жұмыстарға байланысты тест тапсырмаларын құру процесі жалғасуда.

Жеңілдету жұмыстары физика пәнінде де жүргізіліп жатыр және ол өткен жылғы қабылдау тестілерінің нәтижелерін және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, пән бойынша бірінші қиындық деңгейіндегі (ең оңай) тест тапсырмаларының саны 6-дан 10-ға дейін көбейтіледі, жалпылама тест тапсырмаларының құрамындағы теориялық тесттер үлесі артады және талапкерлерге ыңғайлы болу үшін «Тұрақты физикалық шамалар кестесі» жасалып тестілеу кезінде ұсынылады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша тест тапсырмаларын қалыптастырудағы өзгерістер, көпшіліктің қалауына сәйкес, айтылған пікірлер мен ұсыныстарды сабақтай отырып, талдағаннан кейін жүзеге асырылатындығы айтылған.

7 261
ӨзА