ӨзА Қазақ

20.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Қашықтан білім алатын студенттерде оқуын Өзбекстанға көшіруге рұқсат етіледі

Қашықтан білім алатын студенттерде оқуын Өзбекстанға көшіруге рұқсат етіледі

Көрші елдер (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) жоғары оқу орындарында білім алып жүрген Өзбекстан азаматтары оқуларын Өзбекстандағы ЖОО көшіру жайлы жарлық шыққаннан бастап, қашықтықтан білім алу бағдарламасында оқып жүрген студенттер де оқуын елге көшіру жайлы министрліктен жауап алуға асыққан еді.

Азаматтардың қойған сұрақтарын үйренген Мемлекеттік комиссияның мәлімдемесіне сәйкес, Өзбекстанның жоғары оқу орындарында болмаған білім беру жүйесінде оқитын Өзбекстан азаматтарына оқуын сырттай немесе кешкі бөлімге көшіруге рұқсат етіледі. Яғни көрші елдер университеттерінде «қашықтықтан» оқитын студенттерде Өзбекстанға оқуын көшіруге өтініш бере алады.

Оқуды көшіру процесінде өтініш беру мерзімі 15 наурызға дейін жалғасатын болып, студенттен рейтинг кітабшасы немесе академиялық анықтама (транскрипт) мен паспорт көшірмесі талап етіледі.

Өтініштерді қабылдау процесі аяқталған соң мемлекеттік комиссияның қолдауымен жоғары оқу орындарына студенттікке қабылдау үшін ұсынылады. Нәтижелер жайлы ақпаратпен Министрліктің ресми сайты, әлеуметтік желілердегі парақшалары және аймақтық жұмыс топтары арқылы мәліметтер алуға болады. 

11 596
ӨзА