ӨзА Қазақ

17.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Қарақалпақстан медициналық институты құрылады

Қарақалпақстан медициналық институты құрылады

Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қарақалпақстан медициналық университеті құрылады.

Арал аймағы үшін медицина саласында жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру, өңірлік тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін жақсарту, медициналық практиканың білім және ғылыммен өзара интеграциялануын қамтамасыз ету, медициналық-диагностикалық процестің алдыңғы қатарлы жетістіктері мен инновацияларын енгізу мақсатында Ташкент педиатриялық медициналық институтының Нүкіс филиалы негізінде Қарақалпақстан медицина институтын құру жөнінде Президент қаулысы жарық көрді.

Атаулы институт құрамында клиникалық орталық ашумен қатар оқу бағдарламасында кадрлар даярлаудан сырт қайта даярлау және біліктілігін арттыру сынды бағдарламалар енгізіледі. Институттың қызметі мемлекеттің бюджеттен қаржыландырылады. Сондай-ақ, ақылы оқитын студенттердің, келісімшарттық қызметтер, жеке және заңды тұлғалардың демеушілік көмектері мен халықаралық қаржы және шетелдік ұйымдардың гранттары арқылыда қаржыландырылмақ.

10 679
ӨзА