ӨзА Қазақ

17.10.2019 Басып шығару нұсқасы

АҚШ Өзбекстандағы білім реформасына 50 миллион доллар қаржы бөлмек

АҚШ Өзбекстандағы білім реформасына 50 миллион доллар қаржы бөлмек

Тараптар дәл осы сала жөнінде екі жақты келісім-шартқа қол қойды.


Бұл келісімдеді негізгі бағыт Өзбекстандағы білім саласындағы реформаларды қолдауға арналған. Алдағы бес жыл ішінде АҚШ үкіметі Өзбекстандағы білім саласын дамыту үшін 50 миллион доллар инвестиция салмақ. Оған қоса, Өзбекстан аумағында ағылшын тілінің оқыту методикасын нығайтуға 5 миллион доллар қаржы бөлуді жоспарлаған.

Бұл жөнінде кеше Ташкенттегі «Миран» қонақ үйінде өткен Америка университеттері көрмесінің ашылу салтанатында АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм мәлімдеді.

«Education USA Fair» атты көрмеде АҚШ-тың 465-ке жуық ЖОО мен коллеждері жайында мәліметтер беріліп, олар арасындағы 16 оқу ордасының өкілдері арнайы қатысқан. Америка университет-колледждерінің өкілдері өзбекстандық студенттерге АҚШ ЖОО-да оқу және онда қалай грантты ұтып алу туралы ақпараттармен бөлісті.

20 647
ӨзА