ӨзА Қазақ

11.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Жемқорлыққа қарсы күрес пен қоғамдық бақылау жүйесі күшейтілмек

Жемқорлыққа қарсы күрес пен қоғамдық бақылау жүйесі күшейтілмек

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 11 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен қоғамдық бақылау жүйесі күшейту жайлы жиын өткізді.

Әлемдегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне сараптама жасаушы Transparency International халықаралық ұйымының дерегінше Өзбекстан соңғы үш жылда 12 сатыға жоғарылаған екен. Бұл дегені осы мәселе әліде болса Өзбекстанда проблемалы деген сөз. Әсіресе елдегі сыбайлас жемқорлықтың қайнар ошағы азаматтар пікірінше денсаулық сақтау, білім, банк, шекара, сот, прокуратура, ішкі істер, коммуналды қызмет сынды салалар мен жұмысқа тұруда кеңінен тараған. Өйткені денсаулық сақтау жүйесінде қаражаттың 25-30 пайызы текке кетіп жатқаны мен қоймай осы сынды салаларда мемлекеттік қаражаттар ашық айтылмайтындығын да екен.

Міне осы мәселені біржақты ету мақсатында Шавкат Мирзияев бүгінгі жиында жемқорлыққа қарсы күрес органын құру жөнінде айтып, ең алдымен мемлекеттік органдардың жұмысын ашықтық пен нақтылық бағытына көшуін талап ету және ондағы негізгі мән беретін тұсы мемлекеттік қаражат, жұмысқа алу жағдайы, рұқсатнамалар беру процесі ашық түрде жүргізілуі керектігін айтқан.

Жиында мемлекеттегі жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін шетелдік тәжірибеге сүйене отырып құру үшін құжаттарды әзірлеу жауапты тұлғаларға тапсырылып, атаулы жүйе осы саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін барлық қажетті күштер мен құралдарға ие болуы қажет екендігі айтылды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық бақылауды күшейту керектігі айтылып, онда халықпен тығыз жұмыс жасайтын олармен байланысты күшейтетін «Қоғамдық палата» құру және азаматтық қоғам институттарын дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

6 236
ӨзА