ӨзА Қазақ

30.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Премьер-министр қалай тағайындалады?

Өзбекстанда Премьер-министр қалай тағайындалады?

Қазіргі күнде Өзбекстанда маңызды саяси процесс – Жоғарғы Мәжіліс және халық депутаттарының облыстық, аудандық (қалалық) кеңестеріне сайлау өту қарсаңында, және оған дайындық өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуда.

Дәл осы жағдайға байланысты қазіргі кезде Өзбекстандағы кейбір блогерлер мен БАҚ-тарда белсенділер тарапынан заңға қайшы мәліметтер тарату мен түрлі дәлелсіз сұрақ-жауап өткізу жағдайлары жиі ұшрауда.

Атап айтқанда, елдегі әлеуметтік желілердің ауқымдысы саналатын «Телеграмм» канлының бірінде премьер-министр бола алатын бірқатар шенеуніктер жайында сауалнама өткізілген.

Бұл жағдай адамдар арасында түрлі қауесеттер тарауы мен қоғам пікірін бұрмалауға себеп болуын есепке ала отырып, низамға сай заңда белгіленгендей Премьер-министрді тағайындау тәртібі туралы қысқаша ақпарат берудә ләзім деп санадық.

Өзбекстан Конституциясына сәйкес, Премьер-министрлікке кандидат Заң шығару палатасы сайлауында ең көп депутаттық орындар иеленген саяси партия немесе ең көп орын алған бірнеше саяси партия тарапынан Мемлекет басшысына ұсыналады. Премьер-министр лауазымына ұсынылған кандидатты Президент қарағаннан кейін оны Жоғары Мәжіліс палаталарының қарауына және бекітуіне ұсынады.

Премьер-Министрдің кандидатурасы, Жоғары Мәжіліс палатасы депутаттарының және Сенат мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда мақұлданды.

Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік желілерде осы сынды мәліметтерді бөлісу алдынан қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті ұмытпауға шақырамыз.


5 820
ӨзА