ӨзА Қазақ

07.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Қатар елшісімен кездесті

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Қатар елшісімен кездесті

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов 7 маусым күні Қатар елінің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындалған Муҳаммад Ҳамад ал-Хажрийни (резиденциясы Тегеран қаласында) қабылдады.

Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов елшіден сенім жарлығын қабылдаған соң, елшіні Өзбекстандағы қызметіне кіріскенімен құттықтап оған екі тараптық байланыстарды нығайтуға салмақты үлес қосуына сенім білдірді. 

Кездесу барысында Өзбекстан – Қатар арасындағы қарым-қатынасты дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды. Бұл үшін сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда тараптар айтарлықтай әлеуетке ие.

Келіссөздер барысында жылдың екінші жартысында үкіметаралық бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізу туралы ұсыныс мақұлданды. Сондай-ақ тараптар кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабары.

5 968
ӨзА