ӨзА Қазақ

19.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенаты Кеңесінің отырысы жайында АҚПАРАТ

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенаты Кеңесінің отырысы жайында АҚПАРАТ

2019 жыл 19-шы тамызда Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенаты Кеңесінің жиыны өтті.

Отырысты Сенат Төрағасы Танзила Нарбаева жүргізді.

Кеңесте, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының жиырма бірінші жалпы отырысы биылғы жылдың 23-ші тамызы күні Ташкент қаласында шақыру турасында қаулы қабылданды.

Жалпы мәжілістің күн тәртібінде ел дамуының жаңа кезең мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, барлық салалардағы реформалардың құқықтық базасын нығайту және 2017-2021 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасыны дамытудың бес басым бағыты бойынша іс-қимыл стратегиясын іске асыру жөнінде «Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылында» жүзеге асыруға арналған Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген міндеттерді орындауға бағытталған Өзбекстан Республикасының бірқатар заңдары енгізілген. 

ABA_4199.png

«Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы», «Қыз-келіншектерді зорлық-зомбылық пен түрлі қысымдардан қорғау», «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы», «Ана сүтімен тамақтандыруды қолдау, нәрестелер мен кіші жастағы балалар азық-түлігі өнімдеріне деген талаптар жайында» Өзбекстан Республикасының заңдарыда осылар қатарында.

Сондай-ақ Сенат мүшелері Жоғарғы Мәжіліс бюджетінің қалыптасуы мен орындалуының жаңа тетіктерінің енгізілуіне, сайлау, қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы заңнаманың жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қарастырады.

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының Ақпараттық қызметі. Хабардың толық нұсқасын "senat.uz"дан оқи аласыздар. 

4 420
ӨзА