ӨзА Қазақ

07.04.2019 09:21 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Халқаралық жыршы-жырау, термешілер өнері фестивальінің ашылу салтанатындағы құттықтау сөзі

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Халқаралық жыршы-жырау, термешілер өнері фестивальінің ашылу салтанатындағы құттықтау сөзі
Құрметті фестиваль қонақтары!

Қадірлі достар!

Ханымдар мен мырзалар!

Алдымен, сіздей ғазиз жандар мен осынау Өзбекстан жерінде, әсем Сурхандария өлкесінде кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. 
Осынау, Халқаралық жыршы-жырау, термешілер өнері фестивальінің ашылуы салтанаты мен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. 

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған мына өнер мерекесіне арнайы, дүниежүзінің 74 елінен 160 астам өнерпаздар қатысуда. Олар арасында атақты мәдениет қайраткерлері, фольклорлық өнер азаматтары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері барлығы біздер үшін үлкен қуаныш.

Бүгінгі фестивальға қатысушы құрметті қонақтарымыз: ЮНЕСКОның Азия және Тынық мұхиты басқарма бастығы Андрей Шевелевке, Ислам ынтымақтастық ұйымының құрылымы – АЙСЕСКОның Мәдениет бойынша директоры Рхиати Салиҳке, Әлемдік қолөнершілер кеңесі Азия және Тынық мұхиты аймағы басшысы Гада Рида Хижжавиге, Қырғыстан Республикасы Президентінің кенесшісі Султанбай Раевға, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлына, Тәжікстан Республикасы мәдениет уәзірі Шамсиддин Орумбекзадаға, Туркменстан мәдениет министрінің орынбасары Курбанмурат Мирадалиевке, Ауғаныстан Ислам Республикасының Балх облысы әкімі Мухаммед Исхоқ Рахгузарға және басқа да, шетелдік достарымызға үлкен алғыс айтуға рухсат бергейсіздер.

Қадірлі қонақтарымызды біз халқымыз және мәдениетіміздің жақын жолдастары ретінде қабылдаймыз. Барлықтарыңызға ел-жұрт атынан шынайы және ізгі ниетімізді білдіреміз.

Өзбекстанға қош келдіңіздер! 

ӨзА
31 796