19.04.2019 Басып шығару нұсқасы
Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатнас ерекше стратегиялық әріптестік мәртебесіне көтерілді

Тиімді келіссөздерден кейін екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Президент Шавкат Мирзияев және Президент Мун Чжэ Ин Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында бөлекше стратегиялық серіктестік турасындағы бірлескен декларацияға қол қойды

Үкімет пен министрліктер арасында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, ғылым, технология және инновация саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Өзбекстан-Корея денсаулық сақтау ынтымақтастығы орталығын құру туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.
БАҚ өкілдері үшін өткізілген брифингте Мемлекет басшылары дәстүрлі достық, ашықтық және өзара түсіністік рухында келіссөздердің нәтижесінен қанағаттанғандықтарын ерекше атап өтті.

-Келіссөздеріміз Өзбекстан мен Оңтүстік Кореяның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы тығыз ынтымақтастық, халықтарымыздың ұзақ мерзімді мүдделеріне сәйкес екендігі, халықаралық және аймақтық мәселелермен, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ұстанымымыз жақын екендігін көрсетті, - дейді Шавкат Мирзияев.
-Әлемнің назарында болып келе жатқан Өзбекстан Президентіне терең ризашылығымды білдіргім келеді. Шавкат Мирзиеев Өзбекстанды барлық салалар бойынша - саясат, экономика және қоғамдық өмірдегі реформаларды дамытудың жаңа кезеңіне алып шығуда. Бүгін біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды бөлек стратегиялық әріптестік деңгейіне көтердік. Оны жүзеге асыру тетіктері, ынтымақтастықты дамытудың жаңа үрдістерін талқылып, перспективалық келісімдерге қол жеткізілді, - дейді Мун Чжэ Ин.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық және техникалық салаларда жалпы соммасы 12 млрд. АҚШ долларынан асатын бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісімдер жасалды.



Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің ресми хабары.
6 147
ӨзА