ӨзА Қазақ

30.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Репсубликасы Президентінің жарлығы

Өзбекстан Репсубликасы Президентінің жарлығы
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығына байланысты

Умар Сапаевич Исмаилов Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет және биліктің өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісінің орынбасары лауазымына тағайындалсын және Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет және кадрлық резерв жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылсын.

Алишер Зафарұлы Садуллаев Өзбекстан Республикасы Президентінің жастар, ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жөніндегі кеңесшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Кахрамон Кучкарович Куранбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет және биліктің өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалсын және осы қызметіне байланысты Өзбекстан Республикасы Президентінің жастар, ғылым, білім, денсаулық сақтау және спорт жөніндегі кеңесшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылсын.

Шерзод Давлятович Кудбиев Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет және биліктің өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалсын және осы лауазымына кірісуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі қызметінен босатылсын.

Өзбекстан Репсубликасы Президенті Ш. МИРЗИЯЕВ

8 223
ӨзА