ӨзА Қазақ

14.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президентінің жарлығымен облыс әкімдері тағайындалды

Өзбекстан Президентінің жарлығымен облыс әкімдері тағайындалды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың жарлығымен Өзбекстанның 12 облысы мен Ташкент қаласының әкімдері тағайындалды.

Жарлықта, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бап 15-тармақ және 102-баптарына сәйкес халық депутаттарының облыстық Кеңестерінің жарлықтары мен шешімдеріне сәйкес:

Абдурахманов Шухратбек Қушақбаевич - Әндіжан облысының әкімі лауазымына;

Барноев Уктам Исаевич - Бұқара облысының әкімі лауазымына;

Салиев Ергаш Алибекович Жыззақ облысының әкімі лауазымына;

Турсунов Қабул Бекназарович Науаиы облысының әкімі лауазымына;

Бозоров Хайрулло Хайитбайевич - Наманган облысының әкімі лауазымына;

Турдимов Еркинжон Ақбутайевич - Самарқанд облысының әкімі лауазымына;

Мырзаев Ғафуржан Ғаниевич - Сырдария облысының әкімі лауазымына;

Боболов Тура Абдиевич – Сұрхандария облыс әкімі лауазымына;

Холматов Рустам Қурбанназарович - Ташкент облысының әкімі лауазымына;

Ғаниев Шухрат Мадаминович - Ферғана облысының әкімі лауазымына;

Ерманов Фарход Орозбаевич - Хорезм облысының әкімі лауазымына;

Мирзаев Зойир Тоирович - Қашқадария облысының әкімі лауазымына;

Артиходжаев Джахонгир Обидович - Ташкент қаласының әкімі болып тағайындалған. 

Сондай-ақ, 2020-жыл 13-қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің сайлаудан кейінгі алғашқы сессиясы болып, онда Қарақалпақстан Республикасы Конституциясының 80-бабына сәйкес, Өзбекстан Республикасы Президентінің келісімімен Ерниязов Муса Тажетдинович Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Ал, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып Сариев Кахраман Раматуллаевич Өзбекстан Республикасы Президентімен және Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесі Төрағасының ұсынысы бойынша тағайындалды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.


7 006
ӨзА