ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Қырғыз Республикасының Премьер-Министрін қабылдады

Өзбекстан Президенті Қырғыз Республикасының Премьер-Министрін қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 1-ші қараша күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Қырғызтан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкали Абилғазиевті қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, жоғары деңгейдегі жүйелі диалогт екіжақтық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруге және оны практикалық мазмұнмен байытуға септігін тигізгенін атап өтті.

Мухаммедкали Абилғазиев Өзбекстан Республикасының Президентіне Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбой Жээнбековтің құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді және жылы қабылдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, көліктік, агроөнеркәсіптік, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы, сондай-ақ трансшекаралық ынтымақтастықтағы байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 198
ӨзА