ӨзА Қазақ

07.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Тәжікстан Жоғары Мәжілісінің Өкілдер палатасы төрағасын қабылдады

Өзбекстан Президенті Тәжікстан Жоғары Мәжілісінің Өкілдер палатасы төрағасын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7-ші қазан күні Тәжікстан Республикасы Өкілдер палатасының төрағасы Шукуржон Зухуров бастаған делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақтарды құттықтай отырып, өзара сенімділікке негізделген жоғары деңгейдегі жүйелі диалог екіжақты ынтымақтастықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеруге көмектескенін үлкен қуанышпен атап өтті.

Жоғары мәртебелі мейман өз кезегінде Президент Шавкат Мирзияевке жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесуде екіжақты қатынастардың барлық деңгейлерде жандана түскені айтылып, өзара сауда көлемі өсуі, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылып жатқаныда қапы қалған жоқ.

Кездесу соңында Тәжікстан Жоғары Мәжілісінің Өкілдер палатасы төрағасы биыл желтоқсандаӨзбекстандағы парламент сайлаулары сәтті өтуін тіледі.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

3 413
ӨзА