ӨзА Қазақ

10.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Түркіменстан Президентімен кездесу өткізді

Өзбекстан Президенті Түркіменстан Президентімен кездесу өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ашхабадқа ТМД елдері Мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін барған сапарында, Түркіменстан Президенті Гурбангули Бердімұхамедовпен кездесті.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президентін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына тиімді төрағалығымен құттықтап, саммиттің сәтті өтуін тіледі.

Тараптар жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

c922b191_109f_788f_19aa_96f5875adf7f.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.


3 154
ӨзА