ӨзА Қазақ

31.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық бюджетінің саясаты жайында жиын өткізді

Өзбекстан Президенті мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық бюджетінің саясаты жайында жиын өткізді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 31 қазанда макроэкономикалық көрсеткіштерді, фискалдық саясатты, мемлекеттік бюджеттің болжамды орындалуы мен 2020 жылға арналған параметрлерді талқылауға арналған кеңес өткізді.

2018 жыл 22 тамызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Бюджеттік ақпараттың ашықтығын және азаматтардың бюджет процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойған еді. Осы қаулыға сәйкес бюджеттік ақпараттың ашықтығын одан әрі арттыру мақсатында бюджет қаражатын қалыптастыру мен пайдалануды парламенттік және қоғамдық бақылаудың жаңа ережелері белгіленген.

Белгіленген жаңа ережелерге байланысты, 2020 жылдан бастап мемлекеттік бюджет заңды түрде қабылданады және халық бақылауында болады. Парламентке ұсынылатын Бюджет туралы заң жобасы жергілікті халық пен сыртқы серіктестерге ел бюджетінің жағдайы халықаралық стандарттарға сәйкес ашық түрде жарияланатын болады.

Жиында Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай ел экономикасын оңтайландыратын тамақ, ет, ұн және кондитерлік өнімдер, киім, былғары аяқ киім, электрлік аспаптар, фармацевтика өндірісін едәуір ұлғайту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын жасауды тапсырып, осы саладағы басшыларға жобаны ешқандай есеп-қисапсыз, техникалық-экономикалық негіздемесіз қаржыландыруға болмайтыны жайлы қатаң ескертті.

1b84c33c-49cc-f1de-0273-d592f3b68cff.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кеңесті толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

5 610
ӨзА