ӨзА Қазақ

14.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасымен кездесті

Өзбекстан Президенті Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасымен кездесті

14 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бакуде Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы шейх-ул-ислам Аллахшукур Пашшозоданы қабылдады.

Кездесуде ұлтаралық келісім мен діни толеранттылықты одан әрі нығайту, конфессияаралық байланысты кеңейту, жастардың білімі мен рухани тәрбиесі мәселелері талқыланып, өзара ынтымақтастықпен іске көшу керектігі айтылды.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Өзбекстан Президентінің ислам әлемінің бай мұрасын зерттеу және сақтау жөніндегі бастамалары мен қабылданған шаралардың тиімділігін айтып, Өзбекстандағы және бүкіл аймақтағы бейбітшілік пен келісім және тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету үшін белсенді диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. 

cfd67736-14ac-6ee2-a400-2e6c8bbebe84.jpg

Президент Шавкат Мирзияев Бакуге жасаған сапары аясында, алдымен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездескен еді. 


5 610
ӨзА