ӨзА Қазақ

24.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасын қабылдады

Өзбекстан Президенті ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 23 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) төрағасы Георгий Церетелиді қабылдады.

Георгий Церетели Президент Шавкат Мирзияевке жылы қабылы және құрылыммен ынтымақтастықты жандандырғаны үшін алғыс айтып, Өзбекстанның Ассамблеяға қатысуы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамалық органдарымен байланысты нығайту аясында елдің мүдделерін ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.


ЕҚЫҰ төрағасының айтуынша, кешегі өткен сайлау Өзбекстан үшін тарихи маңызы зор оқиға болып, өйткені олар кеңейтілген реформалар барысында ЕҚЫҰ Демократиялық институттары мен адам құқықтары бюросының ұсынымдарын ескере отырып жасалған жаңа Сайлау кодексіне негізделген.

Кездесу соңында ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді миссияларының жұмысына қолайлы жағдайлар жасағаны үшін алғыс білдірілді.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

6 836
ӨзА