ӨзА Қазақ

24.07.2019 15:23 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Нұрсұлтан Назарбаев, Шавкат Мирзияевты бүгінгі туған күні мерекесімен құттықтап, Өзбекстан Президентінің бауырлас екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі достық, тату көршілік қатынастар мен стратегиялық серіктестікке қол жеткізуге қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ құттықтаулар мен ізгі тілектері үшін алғыс білдірді.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге өсіп, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективалық жобалары жүзеге асырылуда. Көлік және транзиттік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық кеңеюде.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыты - аймақаралық алмасуларды жолға қою. Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылы аясында бауырлас халықтарымыздың достығы мен тату көршілік қарым-қатынасын насихаттау мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізілуде.

Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев екі жақты қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде Өзбекстан мен Қазақстан Премьер-министрлері басшылығында бірлескен Үкіметаралық комиссия шеңберіндегі іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.  

ӨзА
3 883