ӨзА Қазақ

23.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Қытайға барады

Өзбекстан Президенті Қытайға барады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен 24-27 сәуір күндері «Бір белдеу, бір жол» атты екінші халқаралық форумына қатысу үшін жұмыс сапарымен Қытайда болады. 

Форумға 40-тан астам шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары қатысады. Конференцияның күн тәртібінде аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, ұзақ мерзімді дамудың жаңа үрдісін табу, «жасыл» экономиканы және инновацияны насихаттау, сондай-ақ басым инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша серіктестікті күшейту мәселелері талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин және Бүкілқытай Халық өкілдері кеңесі тұрақты комитеті Төрағасы Ли Чжаньшу мен кездесу көзделген.

Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Президентіміз форумға қатысатын шет мемлекеттер делегацияларымен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді.


5 323
ӨзА