ӨзА Қазақ

31.05.2019 14:11 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының басшыларын қабылдады

Өзбекстан Президенті ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының басшыларын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 31 мамыр күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Ішкі істер министрлері кеңесінің Ташкентте өтіп жақтан отырысында қатысқан ТМД-ға мүше елдердің ішкі істер министрлері мен ведомство басшыларын қабылдады.

Мемлекет басшысы Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікістан және Түркменістан делетагтары басшыларын құттықтап, Достастық елдері құқығын қамтамасыз ету органдары арасындағы екі және көп жақты серіктестік байланыс барған сайын нығайп келе жатқанын ерекше атап өтті.

2.jpg

ТМД-ның Ішкі істер министрлері кеңесі тиімді ынтымақтастықты, жақсы тәжірибе мен білімді, сондай-ақ терроризмге, экстремизмге, есірткі трафигіне, ұйымдасқан қылмысқа және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі күш-жігерді тығыз үйлестірудің маңызды механизмі болып табылатыны айтылды.

Соңғы бес жылда Достастық аймағында қылмыстық жағдайлар саны 25% -ға төмендегені Кеңестің дұрыс жұмыс жасап келе жатқандығын көрсетеді.

3.jpg

Бұдан басқа, өткен жылы бірлесе ұйымдастырған операциялар аясында есірткі заттырның заңсыз айналымымен айналысатын 892 адамның жұмысы тоқтатылып, 84 қылмыскер ұсталды.

Кездесуде, ТМД-ға мүше елдердің ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде тиімді ведомствоаралық ынтымақтастық, бірлескен іс-шараларды өткізу және кадрлар дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру жайындағы мәселелер талқыланды.

4.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.


ӨзА
6 245