ӨзА Қазақ

28.06.2019 18:02 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 маусым күні Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тіледі.

Бүгінгі таңда Президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың басшылығында Түркіменстан, мемлекеттік және қоғамдық құрылым саласында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен табыстарға қол жеткізгені атап өтілді.

Президенттер екі жақты қарым-қатынастар мен өңірлік саясат мәселелерін талқылады.

Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынастары және стратегиялық әріптестік тұрақты түрде нығайып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

Мемлекет басшылары Үкіметаралық Бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру, сондай-ақ шекара маңы аймақтарындағы тиімді іскерлік жұмыстары мен қоса мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін айтты.

Сұхбат соңында мемлекет басшылары Өзбекстан мен Түрікменстан арасындағы бауырлас халықтадың және бүкіл Орталық Азия өңірінің өркендеуі үшін көп қырлы серіктестікті одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылысын тағы да растады.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

ӨзА