ӨзА Қазақ

17.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Ұлыбритания сыртқы істер министрі орынбасарын қабылдады

Өзбекстан Президенті Ұлыбритания сыртқы істер министрі орынбасарын қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 16 сәуірде Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің сыртқы істер министрінің орынбасары Алан Дунканды қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, соңғы жылдары Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы көпқырлы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше құрметпен атап өтті.

Өз кезегінде, сыртқы істер министрінің орынбасары Алан Дункан Президент қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйдің құттықтау сөздерін жеткізді.

3575af30_29bd_c12f_d2ea_6bdafb1bcecb.jpg

Сыртқы істер министрінің орынбасары Өзбекстандағы қоғамдық өмірдің барлық салаларын кең ауқымды реформалау мен жаңғырту екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Бүгінгі таңда саяси диалог пен парламентаралық байланыстар белсенді түрде жүргізілуде, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық және банктік-қаржылық салалардағы ынтымақтастық кеңеюде. 2018 жылдың соңына қарай сауда байланысында келесі 10 жылдағы ең жоғары өсім көрсеткіш көлемі тіркелді.

ағымдағы жылдың ақпан айында Ташкент қаласында Британдық жетекші компаниялардың қатысуымен сауда-өнеркәсіптік Өзбекстан – Британдық кеңестің кезекті отырысы сәтті өтті. 

3c773b7c_d76c_8b0a_23d2_0b802ddd101d.jpg

Мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік салалардағы алмасулар кеңеюде. Елімізде Халқаралық Вестминстер Университеті және Британ Кеңесінің өкілдігі табысты жұмыс жасап жатыр.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Британияның инвестицияларын тікелей тарту, озық тәжірибелер мен технологияларын бірлесіре отырып, ортақ жобаларды іске асыруға көмектесудің мәселелері талқылады.

Тараптар Орталық Азиядағы тату көршілік пен серіктестік қатынастарды нығайту, сондай-ақ Ауғанстандағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу сияқты халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Ұлыбританияның мемлекеттеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тырысатындығы жайлы атап өтілді.

6 880
ӨзА