ӨзА Қазақ

18.05.2019 10:10 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Халқаралық валюталар қорының басқарушы директорын қабылдады

Өзбекстан Президенті Халқаралық валюталар қорының басқарушы директорын қабылдады

Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзияев 17 мамыр күні Өзбекстанға ресми сапармен келген Халықаралық валюталар қорының басқарушы директоры Кристин Лагардты қабылдады.

Мемлекет басшысы жоғары мәртебелі қонақты жылы қарсы алып, Өзбекстан мен Халықаралық валюта қорының арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық одан әрмен дамып келе жатқандығын ерекше ықыласпен атап өтті.
2017 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорктегі және осы жылдың сәуірінде Бейжіңде өткен екіжақты келіссөздер нәтижесінде тиімді ынтымақтастықты орнату және одан әрі кеңейтуге ықпал еткендігі жайында айтылды.

1.jpg

Қордың көмегімен Өзбекстан ХВҚ-ның бірыңғай статистикалық тарату жүйесіне еніп, Орталық банк және валюталарды реттеу турасындағы заңдардың жаңа жобасын жасап, жаңадан Салық саясаты мен басқару тұжырымдамасына және басқаларына енгізілді.

2.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

ӨзА
6 983