Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі

11.06.2019 22:26 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Бішкектегі саммитке барады

Өзбекстан Президенті Бішкектегі саммитке барады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 13-14 маусым күндері Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына, сосын Душанбедегі 15 маусымда өтетін Азиядағы ынтымақтастық бойынша кеңестің келесі саммитіне барады.

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін ШЫҰ-на мүше елдер басшыларының кеңесі күн тәртібіндегі маңызды мәселе дәйекті ббағыттарда: саясат, экономика және қауіпсіздік саласында көп жақты ынтымақтастықты одан ары нығайту мәселелері талқыланады.

Саммит соңына қарай Бішкек декларациясы қабылдануы, сондай-ақ ұйым аясындағы көп жақты серіктестікті соның ішінде аймақаралық байланысты, цифрландыру ақпараттық коммуникацияларды, туризм, спорт, экологияға қаратылған байланыстарды нығайтуға бағытталған бірнеше құжаттарға қол қою көзделген. 

ӨзА