ӨзА Қазақ

17.05.2019 16:06 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесудің басында Өзбекстан президенті, Қазақстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық пен мемлекеттік қызметте сәттілік тіледі.

Жоғары деңгейдегі тұрақты және тиімді байланыстар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарды, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті қарқынды дамытуға және дәйекті түрде нығайтуға ықпал ететіні жайында айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың сәуір айында Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары сауда-экономикалық, инвестициялық және көліктік-коммуникациялық салалардағы практикалық ынтымақтастыққа, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге кең мүмкіндіктер ашқаны жайында да, атап өтілді.

Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық маңызға ие өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сұхбат соңында Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 маусымда өтетін Қазақстандағы Президенттік сайлауы жақсы өтуін тіледі.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. 

ӨзА
7 118