ӨзА Қазақ

21.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Премьер-Министрі болып Абдулла Арипов тағайындалды

Өзбекстан Премьер-Министрі болып Абдулла Арипов тағайындалды

Өзбекстан Конституциясының 98-бабына сәйкес, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын ӨР Олий Мажлисінің заң шығарушы палатасына сайлауда жоғары депутаттық орынға ие болған немесе бірдей орынға ие болған бірнеше саяси партия тарапынан ұсынылатын болғандықтан, биылғы сайдауда 53 депутаттық орынды иеленіп парламентте басымдыққа қол жеткізген Өзбекстан-Либералды демократиялық партиясының (УзЛиДеП) саяси кеңесінде Премьер-Министрідің лауазымына Абдулла Ариповтың кандидатурасын Президентке ұсынған еді.

Абдулла Ариповтың кандидатурасын көріп шыққан Президент Шавкат Мирзияев Олий Мажлис құрамы көріп шығуы үшін Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Абдулла Ариповтың кандидатурасын алға тартты.

Содан кейін А.Арипов палаталардың біріккен отырысында Министрлік Кеңесінің орта және ұзақ мерзімді іс-қимыл бағдарламасы туралы сөз айтты.


Жиында сөз сөйлегендер Президенттің сөзінде көрсетілген басымдықтарды қолдап, өз пікірлерін білдірді және Премьер-Министр лауазымына ұсынылған кандидатураны мақұлдады. Сонымен Олий Мажлис палаталары Абдулла Ариповты Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады.



8 961
ӨзА