ӨзА Қазақ

16.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Туркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан мен Туркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 мамыр күні Туркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Эрдоған мен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қасиетті Рамазан айы мен бір-біріне шын жүректен құттықтаулар айтып, шынайы ықыластарын жеткізді.
Мемлекет басшылары дәстүрлі достық, бауырластық пен стратегиялық әріптестікке негізделген сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, барлық салалардағы ынтымақтастық күн өткен сайын дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар өзбек және түрік стратегиялық әріптестік кеңесінің алғашқы кездесуіне жоғары деңгейде дайындық көру маңызды екенін айтып, алда өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады.

Достастық рухта өткен сұхбатта екі елдің көшбасшылары екі елдің халқына, бейбітшілік пен тыныштық, тұрақтық пен ізгілік тіледі.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

6 084
ӨзА