ӨзА Қазақ

05.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5-ші қазан күні Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында мемлекет басшысы Президент Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және сәттілік тіледі.

Тәжікстан Президенті саяси қарым-қатнастар мен практикалық қадамдардың арқасында Өзбекстан-Тәжікстан көпжақты байланыстары бұрын-соңды болмаған стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін айтты.

Өткен жылығы жоғары деңгейдегі сапарлардың нәтижесінде маңызды келісімдерге қол жеткізілді және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін өзара тиімді шешу жолдары табылды.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы екі есе өсті, әуе, автомобиль және теміржол қатнаулары айтарлықтай кеңейді. Шекаралас аудандар арасында тығыз байланыс орнатылды. Мәдени-гуманитарлық алмасу күшейе түсті.

Әнгіме барысында екі ел басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Президенттер Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық, тату көршілік және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

4 250
ӨзА