ӨзА Қазақ

02.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Ресей қарым-қатнасының жаңа кезеңі

Өзбекстан мен Ресей қарым-қатнасының жаңа кезеңі

Ресей Федерациясының Федералды Мәжілісі Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко Өзбекстанда ресми сапармен болып тұр.

Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі Сенатында бүгін Сенат Төрағасы Танзила Норбоева мәртебелі қонақ Валентина Матвиенкомен кездесу өтті.

Кездесу барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің саяси ерік-жігері мен табандылығының арқасында Өзбекстан – Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарында жаңа кезең басталғаны айтылды.

Қазіргі кезде екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың серпіні тұрақты түрде дамып келеді. Бұл екі ел мүддесіне толық сәйкес келіп, тараптардың ұмтылысы мен мемлекет басшыларының өзара сапарлары қос елдің арасындағы өзара сенімді одан әрі нығайтып және екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарының дамуына күшті серпін берді.

Кездесуде парламентаралық байланыстардың жандана түскені айтылып, өткен жылдың өзінде парламенттік деңгейде 10-нан астам сапар жасалды. Парламенттер арасындағы тиімді байланыс Өзбекстан - Ресей қатынастарын одан әрі дамытуға, соның ішінде халықаралық парламенттік құрылымдар аясындағы ынтымақтастыққа ықпал ететіні атап өтілді.

Сұхбат барысында Т.Норбоева биыл Өзбекстанда өтетін парламент сайлауында Федерация Кеңесі мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдерін халықаралық байқаушылар ретінде қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы Жоғары Мажілісі жанындағы Заңнамалық мәселелер және парламенттік зерттеулер институты мен Ресей Федерациясы Федералды Мажілісі Федерация Кеңесінің Сараптамалық-құқықтық басқармасы ортасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


4 464
ӨзА