ӨзА Қазақ

01.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Беларусь мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді

Өзбекстан мен Беларусь мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді

Өзбекстан мен Беларусь Мемлекет басылары екі елдің ресми делегация өкілдері қатысуы мен кеңейтілген құрамда келіссөз өтікзіп, онда сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге, өндірістік кооперацияны және өңірлер аралық кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев соңғы екі жылда тауар айналымы төрт есеге артқанын айтып, осы қарқынды сақтап, тауар айналымын және кеңейту қажет екендігін айтты.

ad4712df-4882-e96b-9a9f-716ce2fc0c31.jpg

-Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия сауда ағымдарын мұқият талдап, қандай заттар есебінен тауар айырбастау көлемін жедел арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуі керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Александр Лукашенко Беларусь пен Өзбекстан елдері арасындағы ынтымақтастық тек достық қатынастармен шектелмегенін айтып, Өзбекстан басшысының бұл сапары көпжақтық бағдарламалар аясын кеңейтіп, жан-жақты диалогтарды дамытуға деген өзара ұмтылыстың жарқын дәлелі екенін жеткізді.

1f096261-6948-4ff6-3587-7ee3a67a9536.jpg

-Өзбекстан экономикасын әртараптандыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті, автомобиль өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, ауылшаруашылық машина жасау сияқты жаңа өндірістер құрылды. Беларуссия бірлескен инвестициялық жобалар арқылы Өзбекстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын, - деді Александр Лукашенко.

Тараптар екі елдің ірі өнеркәсіп зауыттары арасында ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Тәжірибе және технологиялармен алмасу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару, олар мен ішкі және сыртқы сондай-ақ үшінші мемлекет нарығын қамтамасыз ету болашағы талқыланды. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, тоқыма, тері және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және басқа да перспективалы салалардағы ынтымақтастықтың да маңызды екендігі айтылды.

7b1a1e2f-f80b-6116-52bf-974a13867cc9.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.


4 885
ӨзА