ӨзА Қазақ

22.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері келіссөздер өткізді

Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері келіссөздер өткізді

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөзінің хабарлауынша 21-ші тамыз күні Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қалсында өткен «C5+1» кездесу аясында, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов, Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен кездесті.

Әңгіме басында Өзбекстан СІМ басшысы қазақстандық әріптесін Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары сыртқы істер министрлерінің кездесуінің сәтті өтуімен құттықтады.

Сұхбат кезінде тараптар жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Қазақстан кездесулерінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын талқылады және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттары туралы пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастық институттарының алдағы отырыстарының күн тәртібін және оларды өткізу кестесін талқылады.

Сондай-ақ, «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан әрбір іс-шара жоғары деңгейде өтуде және екі елдің халықтары арасындағы берік достықтың жарқын көрінісін көрсетуде.

Кездесуде соңында, Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуін сәтті өткізуге екі тарапта мүдделі екендігі айтылды.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабары.

8 111
ӨзА