ӨзА Қазақ

05.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан елшісі Ұлыбритания патшайымы Елизавета II сенім гамотасын табыстады

Өзбекстан елшісі Ұлыбритания патшайымы Елизавета II сенім гамотасын табыстады

4-ші желтоқсанда Өзбекстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшісі Саид Рустамов патшайым Елизавета II-ге сенім грамоталарын тапсырды.

Букингем сарайында өткен ресми шарадан кейінгі өткен сұхбат кезінде, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің басшылығында жүзеге асырылып жатқан елдегі ауқымды реформалар жайында сөз болып, мемлекетті жаңғыртуда жағдайында Ұлыбританияның озық тәжірибесі, атап айтқанда білім беру, парламентаризм мен заң үстемдігі және банк-қаржы саласындағы мықты тәжірибесінен пайдалану бойынша әрекеттер айтылды.

Өзбекстан СІМ хабарында, Ұлыбритания патшайымы Өзбекстан үкіметінің білім беруді дамыту, оның ішінде бастауыш сыныптарға ағылшын тілін оқытуды енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді және екіжақты ынтымақтастықта өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда байланысты одан әрі кеңейту қажеттігін қолдап, Өзбекстанның мәдени және тарихи мұрасы саналатын Самарқандтың көне сәулет өнерінің кремет туындысы екенін жайлы пікір білдірген.

6 625
ӨзА