ӨзА Қазақ

04.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Қыз-келіншектер мен жастар мүддесі үшін қызмет ететін бес бастама

Қыз-келіншектер мен жастар мүддесі үшін қызмет ететін бес бастама
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 3 сәуір күні жастар үшін білім беру және оқыту оларға жаңа мүмкіндіктер жарату, қыз-келіншектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша бес бастаманы жолға қою мақсатында жиын өткізді. 

Бірінші бастама жайында ең әуелі жастарды мәдениет және өнер ордаларына кең көлемде жұмылдыру жұмыстары «жол картасы» дайындалған. 2019-2020 жылдарда 14 – 30 жасқа дейінгі болған 2 миллиноға жуық жастарды мәдениет және өнер саласына тарту бойынша аймақтық «жол картасын» дайындау көзделген. Сондай-ақ музыка және өнер мектептерінде балаларға қосымша сыныптар мен мәдениет орталықтарында аспаптық, эстрадалық және бейнелеу өнері шеберханаларын ашу жоспарланған. 

Екінші бастама жайында білім алған жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу, спорт залдардың көлемін кеңейтуге қаратылған бағдарламаға сәйкес 2 жыл ішінде әр бір ауданда шағын құрылыс, сендвич панелді кіші спорт залдарын құру көзделген. 

Үшінші бастамаға сәйкес халық пен жастар арасында компютерлік технологиялар және интернеттен үнемді пайдалану жоспарланған. Онда айтылғандай 2019-2020 жылдарда қалалық және аудандық жерлерде сандық технологиялар оқыту орталықтарын құру және тегін білім беру, 19 мыңға жуық әлеуметтік сала орталықтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған.

Төртінші бастамаға байланысты жастарды кітап құмарлыққа баулу, рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатына бағытталған. Оған байланысты әр бір ауданға 1 миллион көркем, тарихи, ғылыми әмбебап тақырыптағы кітаптар мен қамтамасыз ету міндеттелді. 

Бесінші бастама бойынша аймақтарда тоқыма және тігін өндіріс өнеркәсібін дамыту және қыз-келіншектерді жұмыспен қамту жобасы дайындалған. 2019-2020 жылдарда әр бір ауданда тоқыма және тігін өндіріс өнеркәсібін ашу және қыз-келіншектерді жұмыс орнымен қамтамасыз ету қарастырылған.

10 249
ӨзА