ӨзА Қазақ

21.12.2019 Басып шығару нұсқасы

ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті

ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшылары Кеңесінің бейресми отырысына қатысты.

Атаулы саммитке барған Президент Шавкат Мирзияевты Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин қарсы алып, екі жақты қатынастар мен аймақтық ынтымақтастықтың болашағын, сондай-ақ халықаралық мәселелерді талқылау үшін кездесу өткізді.

ТМД-ның бейресми саммитіне Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Түрікменстан ел басшылары қатысып, көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде келер 2020 жылда Достастыққа Өзбекстанның төрағалық етуінің басым бағыттары қаралды.

Осымен Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың сапары аяқталды.

7 279
ӨзА