ӨзА Қазақ

20.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкент қаласында Жазушылар аллеясы ашылды

Ташкент қаласында Жазушылар аллеясы ашылды

20 мамырда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы Әлішер Науаиы атындағы Өзбекстан Ұлттық саябағындағы өзгеше сәулет ансамблі Жазушылар аллеясының жаңадан біткен орнына барды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Алдындары мұнда әдебиетші қауым өкілдерінің аз ғана ескерткіштері бар болып, мұнысы Әлішер Науаиыдан кейін бұл ортада талантты жазушы, ақындар болмаған секілді ой пайда болатын. Сондықтан Жазушылар аллеясын идеялық және көркемдік тұрғыдан одан әрі байыту мақсатында Бабыр, Огахи, Бердақ, Муқими, Фурқат, Бехбуди, Авлони, Чолпон, Қадыри, Төлепберген Қайыпбергенов, Ибрагим Юсупов, Александр Файнберг сияқты танымал тұлғаларға арналған 8 гектарлы аумаққа жаңа мемориалдық кешен тұрғызылды.

Мемлекет басшысы атаулы ортаға барып, Әлішер Науаиы мүсініне гүл шоқтарын қойды және аллеяда атқарылған жұмыстар мен жасалған жақсы нысандарды аралады. Осындағы сапары аясында Президент ел жастарының интернеттен, электронды әдебиеттерден көптеп пайдаланғысы келетіні, бірақ ұлттық әдебиеттің қазынасы желіде көңіл көншітерлік деңгейде насихаттау жолға қойылмағандығына байланысты «Жазушылар аллеясы» -деп аталатын интернет порталын іске қосуды ұсынды.

Оған көркем және заманауи туындылардың электронды нұсқасы, жазушылар мен әдебиеттанушылардың шеберлік дәрістері топтастырылып, портал өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде де шығар болса, бұдан шетелдік оқырман мен мамандарға қол жетімді болары айтылды.


3 377
ӨзА