ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

ШЫҰ-ға мүше елдердің Үкімет басшылары мен ресми делегаттары Ташкентке жетіп келді

ШЫҰ-ға мүше елдердің Үкімет басшылары мен ресми делегаттары Ташкентке жетіп келді

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары мен ресми делегаттары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Өзбекстанға жетіп келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақтарды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Ташкент қаласының әкімі және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезектегі отырысына қатысу үшін Қырғыстан Премьер-Министрі Мухаммедкали Абилгазиев, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Иран Ислам Республикасының ресми делегеттары, Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ШЫҰ ұлттық үйлестірушісі Захур Ахмед, Үндістан Республикасының қорғаныс министрі Раджнат Сингх, Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің атқарушы төрағасы Абдулла Абдулла, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян Ташкентке жетіп келді.

Бұл кезекті кеңес аясында Үкімет басшылары халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ШЫҰ аясындағы қатынастарды тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Шетел делегаттарының келуі жалғасуда.

5 274
ӨзА