ӨзА Қазақ

29.03.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев «Жеті пір» жайлы кітап шығару қажет екенін тілге тиек етті.

Шавкат Мирзияев «Жеті пір» жайлы кітап шығару қажет екенін тілге тиек етті.

Абдухалық Ғыждуаний кесенесін зират етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенедегі құрылыс жұмыстарымен танысып, имамдар мен дін жолындағы кісілерді топтап оларға ұлы ғалымдарымыздың рухани мирасын дұрыс және кеңінен халққа жеткізуді тапсырды.

-Кітап оқу басқа, зират етіп шын көңілден үйрену бір басқа. Бұл жер ағарту орталығы болу керек, адамдар өзіне ілім алып кетулері керек, –деді Шавкат Мирзияев.

Өткен жылы 16 ақпан күні облысқа сапары аясында Президентіміз «Жеті пір» кесенелерін абаттандыру, оларды туризм бағытымен байланыстыратын жұмыстарды жолға қою керек екендігін айтқан еді.

Абдухалық Ғыждуаний аталған жеті пірдің алғашқысы болып, Хожагон негізін қалаушы. Кейіншелік Ориф Ревгарий, Маҳмуд Фағнавий, Али Ромитаний, Муҳаммад Бобои Самосий, Саййид Амир Кулол осы кемеңгерлер жолын жалғап, Баҳауддін Нақшбанд оны жоғары деңгейге көтерген. Сол себепті бұл негіз Нақшбандия есімі аясында дамыған.

Бұл секілді рухани қазына басқа еш жерде жоқ. Сондықтан мұны мінсіз үйреніп, адамдарға соның ішінде жастарға оңай тілмен жеткізу керек. Мақсатымыз – жастарымыз өзіміздің ғұламалар артынан ерсін, мол мұрасынан хабардар болып оларды мақтан тұтсын.

Елімізде исламды рухани жаңғырту, ұлы ғұламалардың кесенелерін абаттандыру жұмыстарын әлемдік масштабта мойындап отыр. Атап айтқанда Ислам серіктестік ұйымы Тәлім, білім және мәдениет істері жөніндегі ұйымы ISESCO тарапынан Бухара қаласы 2020 жылы Ислам мәдениеті астанасы деп жарияланды.

Президентіміз аталған санаға жоғары дәрежеде дайындық көру, алдағы өтетін іс-шаралар аясында Абдухалық Ғыждуанийдің туғанына 915 жылдығы және Бахауддін Нақшбандтің туғанына 700 жылын бірге атап өту, халқаралық ғылыми конференция өткізу бойынша тапсырмалар берді.


11 958
ӨзА