ӨзА Қазақ

29.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияевтің атына құттықтаулар

Шавкат Мирзияевтің атына құттықтаулар

Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына байланысты Президен Шавкат Мирзияевтің атына шет мемлекет Президенттерінен құттықтау хаттары мен жедел хаттары келуде. Онда Мемлекет басшысына ел жұмысын атқаруда табыстар мен Өзбекстан халқына тыныштық пен бейбітшілік тілеп жылы лебіздерін білдірген. 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өзінің құттықтау жеделхаты жолдауында, Қытай мен Өзбекстан қатынастарын дамытуға үлкен мән беретінін және тиімді іскерлік және жеке байланыстарды жоғары бағалайтынын айтты. 

«Сіз бен саяси сенімді нығайту, екі ел мен халықтардың игілігі үшін Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тұрақты және дәйекті дамыту мақсатында «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге сіздермен бірге жұмыс істеуге дайынмын.»

Құрметпен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин! 

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өзінің құттықтау жолдауында, Өзбекстан экономикалық және әлеуметтік дамуда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтып, әлемде жоғары беделге ие екенін және аймақтық, халықаралық қатынастарда сындарлы рөл атқаратынын жеткізген.

"Мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара құрметке негізделген байланыстар барлық салада тұрақты дамып келе жатқанын қуанышпен атап өткім келеді. Сенімім кәміл, біз келешектеде халықтарымыздың мүддесі, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату үшін стратегиялық серіктестік пен одақтастық ынтымақтастығын жалғастыратын боламыз." 

"Сізге, құрметті Шавкат Мирамонович, зор денсаулық және табыс, барша отандастарыңызға амандық және өркендеу тілеймін."

Құрметпен, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин!

АҚШ президенті Дональд Трамп «Өзбекстан халқын Америка халқы атынан 1 қыркүйек - еліңіз тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтаймын.» 

"Сіздің Ақ үйге сапарыңызды еске ала отырып, еліміз арасындағы соңғы жылдары нығайып бара жатқан стратегиялық байланыстарды жоғары бағалайтынымды атап өткім келеді. Сондай-ақ Өзбекстан халқына қызмет ететін неғұрлым сенімді, мөлдір және жауапты ұйымдар құру арқылы елдің болашағына деген адалдығыңызды жоғары бағалаймын. Біз сіздің жетістіктеріңізде серіктес болғанымызды мақтан тұтамыз." 

Сізге және Өзбекстан халқына келесі жылдар тұрақтылық пен жемісті жылдар болуын тілеймін. Алдағы уақытта өте жақын ынтымақтастыққа үміттенемін. 

Құрметпен, Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттары Президенті

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 766
ӨзА