ӨзА Қазақ

10.08.2019 13:04 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Өзбекстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Шавкат Мирзияев Өзбекстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Халқымыз, бүкіл мұсылман қауымы үлкен ықыласпен қарсы алатын Құрбан айт мерекесі мен сіздерді, әсем өлкеміздің барша момындарын шын жүректен құттықтаймын.

Ғасырлар бойы халқымыздың рухани өмірінің ажырамас бір бөлігі болып келген, қоғамда өзара сыйластық пен мейірімділік қағидаттарын нығайтқант осынау қасиетті мейрам барлығыңызға құтты болсын!

Жаратушының берген несібесі артып, ризашылық сезімі жүрегімізді нұрға бөлеген мына мерекеде , біз барлық мұсылман елдерінің халқын, алыс және жақын аймақтардағы шетелдік достар мен серіктестерді құттықтап, оларға амандық, ұзақ ғұмыр және өркендеу жолында жетістіктер тілейміз.

Құрметті отандастар! Барлықтарыңызды Құрбан айт мерекесімен тағыда шын жүректен құттықтаймын.

«Қолы – еңбекте, ділі – Аллада» болған халқымыз әрқашан аман-сау болсын!

Ғазиз Отанымыздан, шаңырағымыздан тыныштық пен береке, татулық пен бірлік ешқашан кетпесін!

Ізгі ниетте жасаған әр бір бастамамызға Жаратқанның өзі жар болсын!

Шавкат Мирзияев

Өзбекстан Республикасы Президенті

ӨзА
3 673