ӨзА Қазақ

23.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады

Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Ең алдымен, сіздерді, еліміздегі барша момын-мұсылмандарды, ата-аналар мен аға-іні, әпке-қарындастарымызды жігерлі жастарымызды қасиетті Рамазан мерекесімен шын жүректен құттықтап, шынай тілектерімді білдіремін.

Осынау қасиетті айда сабырлылық пен шүкіршілік, рухани тазалық, мейірімділік пен мұқтаж жандарға қамқор бола білу және сауапты істер мен айналысу сында асыл қасиеттер елімізде әдеттегіден де айқын көрініс берді десем, сіздер де осы ойымды құптайсыздар деп ойлаймын.

Батыр әрі батыл халқымыз коронавирустық пандемиясы дәуірінде басқа түскен түрлі сынақтар мен табиғи апаттар кезеңінде «Алла сабырлы жандармен», деген қасиетті ұғымға тәу етіп, қиыншылыққа мойымай, бірлесе жасаған адамгершілік пен ынтымақтың жоғары үлгісін көрсеткенін бүгінде әлем жұртшылығы мойындауда.

Биыл карантиндік жағдайға байланысты Оразаның ізгі амалдары мен шарттарын орындауда туындаған қиындықтарға дұрыс көз-қарас танытып, жағдайға түсіністікпен қараған және жалпы ұлттық «Көмек» әрекетінде белсенді түрде қатыса жомарт танытқан кәсіпкерлерге, түрлі кәсіп иелері болған жас пен кәрі отандастарымызға осынау құтты мереке күндер аясында шексіз ризашылығымды білдіремін.

Қадірлі достар!

Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда, әлем елдері сынды бізде коронавирустық пандемияға байланысты ауыр жағдайды бастан өткерудеміз. Осы орайда мына бір шындықты айтуды жөн санап тұрмын.

Құдіреті шексіз Алла тағала қасиетті Құран кәрімде адамдарды қиын күндерде шыдамды болуға сабырлылық танытуға шақырып, «Қиындық бар жерде жеңілдікте қатар жүреді», деп ескертеді.

Расында түрлі қиындықтар артынан жеңіл әрі жарық күндер келетінін індеттен сауығап, табиғи апат салдарынан үй-жайынан айрылса да ел мен қоғамның қошеметі арқылы өз өмірін жаңадан бастап жатқан мындаған отандастарымыз іштей сезінуде. Сондықтан бүгінгі қиындықтарда артта қалып, алда талай қуанышты күндер, мерекелік айт күндерді бірге тойлаймыз деп сенемін.

Осы мүмкіндікті пайдалана тұрып, әлемдегі барша момын-мұсылман бауырларымызды да халқымыз атынан шын жүректен құттықтаймын және оларға тыныштық-денсаулық, береке-бірлік мазмұнды ғұмыр тілеймін.

Ниеті пәк, мақсаты ұлы халқымыздың бүгінгі бақытты сәттерде жасаған ізгі тілектері мен дұғалары қабыл болсын. Жаратқан ием әрқашан жолымыз бен жүзімізді жарық қылғай! Еліміз бен халқымызды түрлі бәле-жаладан сақатсын!

Отанымыз тыныш, халқымыз аман-сау болсын!

Ораза айт мерекесі баршамызға құтты болсын!

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасы Президенті

3 632
ӨзА